2 маусым күні Астанадан Шымкент қаласына 23 сағат 50 минутта испаниялық вагондармен жабдықталған «Тальго» пойызы жолға шықты. Ертеңіне сағат күндізгі 12.25-те Тараз теміржол бекетінде болған жүрдек пойыз Астана мен Тараз арасын бар-жоғы 12 cағат 35 минутта жүріп өтті. Ал, 15 сағат 25 минутта соңғы аялдама – Шымкент теміржол бекетінде болды. Біз осы ақжолтай хабар бойынша облыс орталығындағы Тараз теміржол бекетіне қоңырау соқтық. – Бұрыннан да Астана бағытына бірнеше пойыз Тараз қаласы арқылы өткенімен жамбылдықтардың билетке деген сұранысы жоғары болып келді. Енді міне, жолаушылар ары-бері көп қатынайтын жаз айларының алғашқы күндері «Астана-Шымкент-Астана» бағытында жаңа пойыз кестесі ашылғалы билетке деген сұраныс қанағаттандырылуда. Оның үстіне Астана мен Тараз арасын бар-жоғы жарты тәуліктен сәл ғана асатын уақытта жүріп өтеді. Вагондарда жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Пойыз Астанадан әр аптаның ішінде жұп, Шымкенттен тақ күндері шығып, Тараз қаласындағы бекетте 10 минут аялдап, Астанаға кешкі 20 сағат 19 минутта жүреді, – деді темір жол бекетінің кезекшісі.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын пациенттің өзі бағалайды
- 16 наурыз, 2026
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




