Археологтар Антарктидада ежелгі өркениет кезеңінде салынған үш пирамиданы тапты. Ғалымдар бұл пирамидалар табиғи ауытқудан пайда болмаған дейді. Өйткені, олар өте дәлдікпен салыныпты. Пирамидаларға зерттеу жүргізу арқылы археологтар оларды кім және қашан салғанын дәл анықтай алады.10 жыл бұрын Америка ғалымдары Антарктидадан үлкен кратер тапқан болатын. Мұны олар ірі метеориттің құлауынан пайда болуы мүмкін деп топшылаған еді. Енді олар құрлықтағы флора мен фаунаның жоғалуына дәл осы табиғи апат себеп болуы мүмкін деген де болжам жасап отыр. Бұл мұзды материктегі беймәлім құбылыстардың алғашқысы емес. Жақында ғана Ресей ғалымдары Антарктидадағы Шығыс көлінен белгісіз бактерияны тапқан болатын. Оның белгілі ағзалармен 86 пайыз генетикалық сәйкестігі бар. Оны ғалымдар «В123-10» деп атады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




