«Титан» командасы үздік
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде кроссфит спортынан ашық турнир өткізілді.
Спорттық жаттығудың алты түрін қамтыған аламанда бақ сынаған спорт мектептері мен спорттық клубтардың өрендері жарыс жеңімпазы атану жолында аянып қалған жоқ. 43 спортшы додаға түскен турнир қорытындысында ерлер арасында «Титан» клубының өрені Арман Сартаев өзгелерден оқ бойы озық болса, төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Әділ Қырқынбаев екінші орынға орнықты. Үшінші орын тағы да «Титан» клубының спортшысы Саид Берснукаевқа бұйырды. Дода барысында әйелдер де бақ сынап, шын жүйріктерді анықтады.
Тартысты өткен турнир барысында басқа командалардан озық өнер көрсеткен «Титан» клубы жалпыкомандалық есепте қарсыластарын жеңіп, өздерінің теңдессіз екенін дәлелдесе, төтенше жағдайлар департаментінің спортшылары екінші орынға, ішкі істер департаментінің командасы жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




