Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген ресейлік боксшы Миша Алоянның қанынан рұқсат етілмеген препараттың табылуына байланысты ол күміс медалінен айырылды. 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік боксшы Миша Алоян ширек финалда колумбиялық Сейбера Авилуды 3:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда қытайлық Ху Цзянгуаннан айласын асырған болатын. Алоянның қанынан рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек ізінің табылуына байланысты қытайлық боксшы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол созса, колумбиялық саңлақ Сейбера Авилу автоматты түрде жартылай финалға өтіп, Рио Олимпиадасының қола жүлдесін мойнына ілді. 52 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарында ел намысын жамбылдық жампоз, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев қорғағаны баршамызға мәлім. Олжастың жеңісті жорығы төрешілердің әділетсіз шешімімен 1\8 финалда тоқтаған. Жалпы ширек финалға жеткен боксшылар 5-8-орындарға орналасатыны белгілі. Десе де аталған орындар үшін жекпе-жектер өтпейтіні аян. Сондықтан үздік сегіздік қатарынан көрінген спортшысын әр мемлекет 5-орын иегері ретінде бағалайтыны анық. Біздің елде бесінші орын иегеріне қаржылай қолдау да көрсетіледі. Ал 1\8 финалға жеткен спортшысын әр мемлекет тоғызыншы орын иегері ретінде таниды. Сонымен, 52 келі салмақта өнер көрсеткен боксшылардың үздік сегіздігінен Миша Алоянның есімі автоматты түрде сызылғандықтан қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев сол үздік сегіздікке еніп отыр.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




