Қазақ күресінен М.Шоқай атындағы республикалық турнир аяқталды

Қазақ күресінен М.Шоқай атындағы республикалық турнир аяқталды
ашық дереккөз
Қазақ күресінен М.Шоқай атындағы республикалық турнир аяқталды

10-11 желтоқсан күндері Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған М.Шоқай атындағы қазақ күресінен 2001-2002 жылдары  туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 200-дей спортшы 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.    Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары 28 жүлдені (9 алтын, 5 күміс, 14 қола) иеленді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және ақшалай  сыйлықтармен марапатталды. Турнир қорытындысы: 38 келі: I орын  Бағдат Телғараев (Қызылорда) II орын  Жасұлан Ермахан  (ОҚО) IIIорын  Бекзат Алдаберген (Қызылорда) III орын  Ғабит Темірбай (Қызылорда) 42 келі: I орын  Жандос Әбубәкір  (Қызылорда) II орын  Ердәулет Әбенов  (Қызылорда) III орын  Нұрдәулет Сейітжанов (Қызылорда) III орын  Темірлан Қуантаев (Қызылорда) 46 келі: I орын  Мұхит Шерәлиев  (Қызылорда) II орын  Нұрберген Ерғали  (Қызылорда) III орын  Айберген Мәукенбай (Қызылорда) III орын  Бекболат Бұйырабай (ОҚО) 50 келі: I орын  Аслан Бегайдаров  (Қызылорда) II орын  Ерзат Амандық  (Қызылорда) III орын  Ғазизбек Айдарбек  (Қызылорда) III орын  Ермахан Қамар  (Қызылорда) 55 келі: I орын  Бағдәулет Төлешов (Қызылорда) II орын  Бақтияр Есіркеп  (Жамбыл) III орын  Нұршат Әбілтаев  (Қызылорда) III орын  Нұрдәулет Дүйсенбек (ОҚО) 60 келі: I орын  Ерлан Тұрыспай (Қызылорда) II орын  Ерлан Бақытбек  (Қызылорда) III орын  Арман Жұрмаханов (Қызылорда) III орын  Ернар Кішкенбай (Қызылорда) 66 келі: I орын  Наурызбек Мамыт (Қызылорда) II орын  Рамазан Әбікен  (Жамбыл) III орын  Бауыржан Райымбеков  (Қызылорда) III орын  Бақберген Тұрсын  (ОҚО) 73 келі: I орын  Асылжан Бақытжанұлы  (Қызылорда) II орын  Бауыржан Рысбеков  (Қызылорда) III орын Дамир Мұңайтпасов  (Қызылорда) III орын  Ринат Айдархан(Қызылорда) +73 келі: I орын  Еңбек Сақтағанов  (Қызылорда) II орын  Ерсұлтан Жорабек  (ОҚО) III орын Бақдәулет Шерзадин  (ОҚО) III орын  Айберген Алдаберген  (Қызылорда)

Қазақ күресінен М.Шоқай атындағы республикалық турнир аяқталды Қазақ күресінен М.Шоқай атындағы республикалық турнир аяқталды

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар