Тәрбие сағатының тағылымы

Тәрбие сағатының тағылымы
ашық дереккөз
Тәрбие сағатының тағылымы

Академик Ө.Жолдасбеков атындағы №50 қазақ орта мектебі жас білім ошағы болып саналады. Соған қарамастан мектеп ұжымы озық үлгідегі білім ошақтарымен теңесіп, жас ұрпаққа білім беруде жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Бұл мектепте оқушылардың таным-білігін арттыру мақсатында мазмұнға бай кездесулер, әсерлі кештер жиі өтіп тұрады. Оған дәлел Тәуелсіздігіміздің 25 жыл мерекесі аясында «Тәуелсіздік қасиетті ұғым» атты тәрбие сағаты өтті. Оны 3 «А» сынып жетекшісі, ұстаз Манат Сейтімбетова өткізді. Мектеп ұжымы, оқушылар қатысқан жиында мектеп директоры Рахия Есеева Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін, осы жылдары жас мемлекетіміз жүріп өткен жолды, қол жеткізген жасампаз жетістіктерді кеңінен әңгімеледі. Келешегіміздің кепілі жас ұрпақтың білімді, ұлтжанды, елінің нағыз патриоты болып өсуі мектеп қабырғасынан басталатынын осы ізгі мақсатты орындау жолында ұстаздар қауымының еңбегінің ерен екендігіне тоқталды. Тәрбие сағаты өте тартымды өтті. Ел мен жердің, туған Отан қасиетті Қазақстанның айбынын асыратын даналық сөздер, мақал-мәтелдерді жатқа айтқан бүлдіршіндердің өскенде туған елінің нағыз патриоты болатындығы сөзсіз. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шарадан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, білімі артатыны аян. Ендеше, алтын ұя білім ошақтарында осындай тағы­лымды кештер жиі өтсе, құп.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар