«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанда мемлекет тік тілдегі курстары бар «Қазақстанның ашық университеті» пайда болады

Қазақстанда мемлекет тік тілдегі курстары бар  «Қазақстанның ашық университеті» пайда болады
ашық дереккөз
Қазақстанда мемлекет тік тілдегі курстары бар «Қазақстанның ашық университеті» пайда болады

«Кселл» компаниясы мен «WikiBilim» қоғамдық қоры «Қазақстанның ашық университеті» білім беру онлайн жобасын іске қосуды бастайтынын хабарлады. Алматыда Қазақстандағы онлайн білім беруді дамыту перспективаларына арналып өткен «дөңгелек үстелде» осындай мәлімдеме жасалды. «WikiBilim» қоғамдық қоры президенті Нұрбек Матжанидің сөзіне қарағанда, бүгінде интернет қолданушылары 5000-нан астам түрлі онлайн курсты пайдалана алады. Оқыту материалдары бар ең танымал алаңдар – Coursera, EdX, Udacity. Бірақ бұлардың көп бөлігі ағылшын тілінде. «Технологиялар өміріміздің барлық саласын дерлік түбегейлі өзгертіп отыр, соның ішінде, білім беруді де. Сол технологиялардың арқасында білім беру ісі өзге де көптеген қызмет түрі сияқты дербестендіріліп келеді, яғни әркімнің жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін болды. Бүгінде курс оқушылар қашан, қай кезде оқу керектігін және өткен материалды неше рет қайталау керек екенін өзі таңдайды. Мұның бәрі диплом үшін емес, білім алу үшін оқитындарға, өмір бойы бір рет қана білім алуды көздейтіндерге емес, үнемі жетіліп, дамуға тырысатындарға қолайлы жағдай туғызады. Бұл – өте маңызды жаһандық тренд. Енді «Кселл» компаниясының қолдауымен Қазақстанның да бірегей, соның ішінде, қазақ тіліндегі контенті бар өз ашық онлайн курстар алаңы пайда болады», – дейді «WikiBilim» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы. «Қазақстанның ашық университеті» – еліміздің жетекші жоғары оқу орындары оқытушыларының видео дәрістерін тегін тыңдауға мүмкіндік беретін онлайн алаң. Бірінші кезеңде телекоммуникациялар бойынша 10 курсты іске қосу жоспарланып отыр. Сол сияқты порталда осы курстарды дайындау барысында қолданылған мамандандырылған әдебиет ашық орналастырылады. Бұған қоса, дәріс материалдарының 80%-дан астамы мемлекеттік тілде ұсынылады. Алдағы уақытта мамандандырылған курстардың саны көбеюі мүмкін. «Қазақстанның ашық университеті» жобасын жасаушылар қолданушыларға осындай алаңдарға арналған ең озық функциялар жиынтығын ұсынады – интуитив интерфейс, ыңғайлы бейнеплейер (түрлі тілдегі субтитрлары бар), курс тыңдаушылардың жеке кабинеті, университеттер мен лекторлардың профайлы, тест тапсырмалары мен конспектілер. Жобаның өзі әлемнің жетекші университеттері – Гарвард университеті мен Массачусетс технология институтының тандемімен жасалған Open edX платформасы негізінде іске асырылады. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университеті, ҚБТУ, Almaty Management University, Сүлейман Демирел атындағы университет сияқты беделді жоғары оқу орындары мен Математика және математикалық модельдеу институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу институттары «Қазақстанның ашық университеті» жобасына серіктес болып отыр. «Телекоммуникациялық компания ретінде біз нарықта, соның ішінде, біздің қызметіміз ұштасатын салаларда жоғары білікті мамандардың пайда болуына мүдделіміз. Біз бұл жобаның талапкерлер мен ЖОО студенттерін ғана емес, IT және телекоммуникациялар салаларында өндіруші ретінде тәжірибе жинап жүргендерді де қызықтыратынына сенімдіміз. Бұл курстар әлдекімдердің келешек мамандықты жылдам таңдауына көмектеседі деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл портал мүмкіндігі шектеулі адамдардың және еліміздегі түрлі себеппен жоғары білім ала алмайтын шалғай аудан тұрғындарының қосымша білім игеруіне тамаша алаң болады», – деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

Ұқсас жаңалықтар