«Астана арландарының» қарсыластары анықталды
- author «Ақ жол»
- 6 желтоқсан, 2016
- 240
Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымына қатысатын командалар белгілі болды. Бұл жолы үздіктер үш топта сынға түседі. «А» тобының басты фавориті «Cuba domadores» командасы «Argentina condors», «Mexico Guerreros», «Venezuela Caciques» командаларымен бақ сынасса, «В» тобындағы «Morocco Atlas» «Italia Thunder» «France Boxing Team», «British Lionhearts» сынды азулы ұжымдар ширек финалға берілетін екі жолдаманы сарапқа салады. Жобаның екі дүркін чемпиондары, әйгілі «Астана арландары» командасы бұл жолы да өзбекстандық қарсыластарымен бір топқа түсіп отыр. Анығырақ айтсақ, «С» тобында бақ сынайтын жерлестеріміз «Uzbek Tigers», «Russian Boxing Team», «China Dragons» командаларымен бір топта бақ сынайтын «Астана арландары» командасының жаңа маусымдағы мақсаты – серияның үш дүркін чемпионы атану. Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңдегі алғашқы кездесулері 10-11 ақпанға жоспарланған. «Астана арландары» алғашқы кезеңде «Өзбек жолбарыстарын» қабылдайтын болады. Сонымен қатар қазақстандық клуб екінші кезең аясында қытайлық қарсыластарымен бақ сынасса (3-4 наурыз), үшінші турда ресейлік команданың қарымын (17-18 наурыз) байқап көрмек. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Астана арландарының» құрамында 52 келі салмақта жамбылдық оғлан, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов, 75 келі салмақ дәрежесінде Аманқұл Әбілхан топқа түсіп, команданың чемпион атануы үшін маңызды ұпайларды қоржынға салған болатын. Жаңа маусымда да бірнеше жамбылдық боксшы «Арландар» сапында өнер көрсетеді деп күтілуде.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді