«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл спортшылары жарады

Жамбыл спортшылары жарады
ашық дереккөз
Жамбыл спортшылары жарады

Конфедерация кубогінде дзюдошыларымыз бен таэквондошыларымыз топ жарды

Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясының кубогі аса тартысты жағдайда өтті. Дзюдо күресінен финалға Жамбыл және Қарағанды облыстарының балуандары жолдама алды. Белдесу бес салмақ дәрежесінде өтті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарыстың басты фавориті ретінде топқа түсті. Елдос өзінің шын мықты екенін кезекті мәрте дәлелдеді. Жаңа салмаққа ауысқан ол 66 келіде Қайрат Ағыбаевпен белдесті. Қарсыласын жер бауырлатқан Сметов таза жеңіске (иппон) қол жеткізіп, мерейімізді үстем етті. Бұдан соң, Қарағандының тәжірибелі дзюдошысы, Рио Олимпиадасының қатысушысы Жансай Смағұлов жамбылдық Бекәділ Шаймерденовті жеңіп, есепті теңестіріп кетті. Алайда 81 келіде жарыс жолына шыққан жамбылдық жампоз Азиз Қалқаманұлы мен Айдын Дартаев арасындағы күресте Айдын ескерту қағазы көптігінен жарыстан шеттетілді. 90 келіге дейінгі салмақтағы белдесу екі команда үшін шешуші айқасқа айналды. Жерлесіміз Дәулетхан Жақыпов Тимур Жарасовтан басым түсіп, кубог тағдырын шешіп берді. Аса ауыр салмақтағы қарағандылық Ержан Шынкеевтің жеңісі орталыққазақстандықтар үшін ірі есеппен жеңілмеуге ғана септігін тигізді. Ол соңғы белдесуде Жамбыл Тұрғыналиевті иппонмен ұтқанымен, жамбылдықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, конфедерация кубогі жолындағы бәсірелі додада таэквондошыларымыз да қарсылас шыдатпай, топ жарса, жамбылдық грек-рим күресінің шеберлері күміс жүлдеге қол жеткізді. Жарайсыңдар, жігіттер!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар