Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай жеңіл атлетикалық марафон жарысы өткізілді. Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйытқы болған спорттық шараға жанына спортты серік еткен 600-ге жуық азамат белсенді түрде қатысып, бәсеке көрігін қыздыра түсті. Тұңғыш Президент саябағынан бастау алған марафонның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке сөз сөйлеп, жастардың спортқа ынтық болуы көңіл қуантатынын жеткізді. Сөреден жарысты бастау туралы команда берілісімен құстай жүйткіген қатысушылар бірінен бірі озып, жарысқа құр келмегендіктерін аңғартты. Бәсекеге толы жағдайда өткен дода қорытындысында өзгелерден оқ бойы озық келген қырық қатысушыға арнайы сертификат тапсырылды. Ұйымдастырушылар додаға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Осылайша спортсүйер жамбылдықтар Тұңғыш Президент күні мерекесіне өздерінің үлестерін қосып, шат-шадыман күйде тарқасты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




