Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Абай атындағы орталық кітапхана ұжымы кітап қорындағы көркем әдебиетті сүйіп оқитын 25 тұрақты оқырмандармен «Көркем әдебиет – ұлтымыздың құнды жауһарлары» атты байқау өткізді. Байқауға қатысушылар поэзия, роман, трагедия, эпопея, повесть, проза, новелла, әңгімелер, шытырман оқиғалар жанрлары және мақал-мәтел, нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру бойынша сынға түсті. Байқау барысында оқырмандар оқыған кітаптарымен ұштастыра отырып, өздерін таныстырды. Оқыған авторларының шығармалары туралы айтып, сипаттама жасады. Сонымен бірге әр оқырман өздері ұнатқан жанрлары бойынша патриоттық рух беретін шығармадан көрініс көрсетіп, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқу арқылы дүниетанымдарының артатынын сөз етті. Шығармаларда кездесетін қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын көрініс арқылы жеткізді. Тәуелсіздік тарихы туралы қойылған сауалдарға қатысушылар дұрыс жауаптар бере білді. Жанрлар бойынша бас жүлдені №56 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлнар Омарова, ТарМПИ-дің студенті Мақпал Хожабаева, №38 орта мектептің 11-сынып оқушысы Жұлдыз Тұрдыбекова, №56 орта мектептің 9-сынып оқушысы Берікбай Жақаев, ТарМУ-дың студенті Елдар Боранбек иеленсе, І орынға ТарМПИ студенті Алтынай Мақат, Амангелді атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сәкен Мирабілда, «Тараз-Ғасыр» колледжінің студенті Перуза Бисенбай, ТарМПИ-дің студенті Гүлназ Сарсенбай, №56 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Раушан Абдрахманова лайық деп танылды.
Табиғат абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




