Аудандық Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Суретшілер одағының, сондай-ақ, ҚР Өнер академиясының корреспондент мүшесі, жергілікті қылқалам шебері Тоқбай Көшербаевтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге оның майлы бояумен салынған 70-тен астам туындысы қойылып, көрсетілуде. Олардың басым денін құрайтын картиналарда ауданнан шыққан көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, Еңбек Ерлерінің, басқа да танымал тұлғалардың шынайы бейнелері сомдалған. Айрықша атап өтерлігі, суретші қолынан шыққан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының портреттері де өте сәтті шыққан. Танымал суретші өз шығармашылығында халқымыздың тұрмыс-салтын, туған өлкенің көркем табиғатын бейнелеу арқылы ұлттық бояу, құнардың мол болуына да мән береді. Көрермендерді, әсіресе, оның ықылым замандар бойы табиғатпен үндестікте тіршілік етумен келе жатқан қазақ халқының ұлттық болмысын өте-мөте кірпияздықпен жан-жақты жарқырата ашып көрсететін «Қонақ күту», «Жайлауда», «Ауылда», «Таудағы Талас өзені», «Жуалыға апарар жол» секілді плотнолары айрықша әсерімен баурайды. Бұл күні Т. Көшербаевқа жеке көрмесі ашылуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, белгілі әнші, сазгер Алтынбек Қоразбаев, Мәдениет қайраткері, режиссер Әскер Құлданов, ақын Шырын Мамасерікова құттықтау лебіздерін жеткізсе, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші Рәтбек Сауқынбеков ҚР Өнер академиясының Құрмет грамотасын табыс етті.
Нұрболат әлдибеков, «Ақ жол».
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді