«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Арқасына білек өскен балақай

Арқасына  білек өскен балақай
ашық дереккөз
Арқасына білек өскен балақай
Непалдық Гаураба Гарума есімді баланың арқасына білек өсіп шыққан. Дәрігерлер жұмбақтың «шешімі» шаранада сиам сыңары жетілмей қалып, оның бір мүшесі бауырының арқасында жетілуде деп түсіндіріпті. Мұндай дерт миллионнан бір балада кездеседі екен. Бала бауыр еті болған соң Гаурабаның әке-шешесі баласының ұйқысы бөлініп жүргеніне алаңдайды. Өйткені жылдан-жылға өсіп келе жатқан артық мүше шалқалап жатуға кедергі болуда және мүше бастырылып қалса ауыратын көрінеді. Есі кіріп қалған балақай көпшіліктің ортасында жүруге де ұялады. Жұқа киінсе арқасы бүкірейіп, тіпті, кейде арқасындағы білегі шошаң ете қалады екен. Ерлі-зайыпты Калпене мен Ашишті қауіпті таңдау күтуде. Өйткені омыртқаның арасынан өскен білекті ота арқылы алып тастайын десе Гаурабаның мүгедек болып қалу қаупі басым. Шақшадай бастары шарадай болған непалдық ата-ана не ота жасарын, не үш қолды баланы ержеткізетінін білмей сан соғып отырған жайы бар.

Ұқсас жаңалықтар