Бейжің Олимпиадасында күміс жүлде алған Виталий Рагимовтің нәтижесін ХОК (халықаралық олимпиада комитеті) жоққа шығарған болатын. Нәтижесінде қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаевтың қола медалі күміске айналуы тиіс еді. Әйткенмен, Нұрбақыт Теңізбаев бұл жайтқа қатысты өзінің қарсылығын білдіріп үлгерді. Спортшы өзінің әлеуметтік желілерінде жеңіл жолмен жүлде алуға ниетті емес екенін алға тартқан. «Құрметті достар! Бейжің Олимпиадасы мен үшін спорттық карьерамның шыңы болды. Әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы немесе жүлдегері болғысы келетіні анық. Спортта ұзақ уақыт жүріп, ешқашан жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргенді қолдамайтынмын және қолдамаймын да. Қандай медаль болсын оны кілем үстінде жеңіп алғанды қолдаймын», – деген Нұрбақыт: «Дәл сол күні, мені Әзірбайжан балуаны Виталий Рагимов ұтқан болатын, Виталийді талантты да мықты балуан ретінде танимын. Сол күні үшінші орын иелену менің маңдайыма жазылған болар, маған өзімнің ұтқан қола медалім аса қымбат. Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі. Ол медальдың артында көптеген адамның еңбегі жатыр. Күміс сол еңбектің жемісі деп ойлаймын! Сіздердің жылы лебіз және қолдауларыңызға үлкен алғыс айтамын», – деп өз ойын түйіндеген.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




