Жетінші маусымда кім жеңеді?
Бүкіләлемдік бокс сериясы додасы ақпанда басталмақ
Жартылай кәсіпқой лигаға телінген бокстан бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымы ақпан айында басталатын болды. Биыл бұл жарыстың форматы едәуір өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Ұйымдастырушылар додаға кәсіпқой бокс шеберлерінің де қатысуына мүмкіндік беруді ойластырып отыр.
Жалпы, жаңа маусымда командалар құрлық бойынша сынға түсуі ықтимал. Айталық, Азия атынан топқа қосылатын қазақстандық «Астана арландары», әзірбайжандық «Баку оттары», өзбекстандық «Өзбек жолбарыстары» дуы басым доданы бір топта өткізіп, үздіктер ғана ширек финалдық шайқасты өзге құрлықтың командаларына қарсы өткізуі мүмкін.
Бұған дейінгі алты маусымда қазақстандық «Астана арландары» командасы екі мәрте топ жарған болатын. Соңғы рет «Астана арландары» чемпион атанған кезде команданың құрамында жамбылдық боксшылар Азия чемпионы Олжас Сәттібаев және Аманқұл Әбілхан «Астана арландарының» сапында өнер көрсеткен. Ақпан айында басталатын жарыстың ширек финалы мамыр айына жоспарланса, жартылай финал мен финалдық бәсекелер маусым айында өтпек. Біз тек қазақстандық боксшылардан құралатын «Астана арландарының» үшінші рет чемпион атануларына тілектеспіз!
Табиғат Абаилдаев ақжол
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




