Назарбаев АҚШ-тағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді

Назарбаев АҚШ-тағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз
Назарбаев АҚШ-тағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, АҚШ-та өткен сайлау қорытындысы жақсы нәтиже көрсетеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың қайта орнайтынына сенетінін айтты. "Қазіргі заманда тұрақты үрдісті сақтап қалу оңай емес. Жалпы, АҚШ-та өткен сайлау қорытындысы жақсы нәтиже береді деп айтуға болады. Сайлау нәтижесі барлығынан бұрын екі ел арасындағы диалогтың қайта орнауына және елдер арасындағы келіспеушіліктерде ымыраға келуге ықпал етеді", - деді Қазақстан Президенті. Еске сала кетейік, 9 қарашада Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар