Жампоздарымыз жеңіске жетті
«Тараз-Арена» спорт кешенінде дзюдо, таэквондо, грек-рим және еркін күрестен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының топтық кезеңіндегі кездесулер өтті.
«D» тобында сынға түскен жамбылдық спортшылар бұл күні аянып қалған жоқ. Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының жүзден жүйрік спортшыларымен бәсекелескен жерлестеріміз таэквондо, грек-рим, дзюдо күресі секілді спорт түрлері бойынша үш кездесуде қарсыластарынан басым екендіктерін дәлелдей білді. Даян мен татамиде және бозкілемде басымдылық көрсеткен жерлестеріміз кубоктық доданың келесі кезеңіне жолдама алып отыр. Ал еркін күрес додасында ақтөбелік команданың балуандары қарсылас шыдатпады.
Топтық кезеңнен іркілмей өткен саңлақтарымыз алдағы уақытта да жеңістерімен қуантады деп сенеміз. Кубоктік бәсекенің ақтық айқастары желтоқсан айының 3-4 күндері Алматы қаласында өтеді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




