құрыш қолды жерлестер әлемді таңғалдырды
Болгарияның Благоевград қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионатына 59 мемлекеттің кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған әлемдік додаға Жамбыл жерінен 11 саңлақ аттанып, бәрі де жүлделі орындарға қол жеткізе білді. Бәсі басым додада 55 келідегі И.Рейсов, 60 келідегі В.Фараджов, +80 келідегі А.Лисянская, 50 келі салмақтағы А.Қараманова, 60 келідегі Э.Шадырқұл бастаған өрендеріміз қарсыластарынан басым екендіктерін дәлелдеп алтын жүлдені мойындарына ілсе, өзге спортшыларымыз күміс пен қола жүлдені қанжығаға байлады. Жалпы, әлем чемпионаттарында қазақ спортшыларының мерейі үстем екені бұрыннан мәлім. Әсіресе, қазақстандық саңлақтар сапынан жамбылдық қол күрес шеберлері әрқашан толайым табыстарға қол жеткізіп келеді. Бұған дейін де байрақты бәсекелерден жерлестеріміз алтын жүлдесіз қайтқан емес. Дмитрий Трубин секілді әлем мықтыларын мойындатқан жампоздың жолын жалғаған жамбылдық спортшылардың бағындырар биігі мен алар асулары әлі алда.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




