Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында жасөспірімдер арасында таэквондодан ел біріншілігі өтті. Еліміздің әр қиырынан кіл мықтылар топқа түскен додаға жамбылдық спортшылар да қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Астана даянында 26 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен №21 мектептің 5-сынып оқушысы Лейли Гамидова шапшаңдығымен, дәлдігімен, ерекше шеберлігімен көрермен қауымды өнеріне тәнті ете білді. Әр шайқас сайын ерекше шабыт алып, рухтанып шыққан Лейлидің алдында қарсыластары кәдімгідей абыржып қалды. Нұржан Есілбаев жаттықтыратын жас өрен жарыс барысында өзінің шын мықты екеніне еш шүбә келтірмеді. Жарысты бір демде өткізген Лейли Гамидова ел чемпионатында алтыннан алқа тағынып, қуанышымызды үстемеледі. Лейлидің болашағынан үлкен үміт күтуге болады.
Бағила Сәттерова, Мағжан Жұмабаев атындағы №21 мектептің тәлімгері.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




