Рой Джонс: Боксты құтқару – GGG-дің қолында
Бокстың күні бітуге жақын. Алайда, оны құтқарып қалу қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қолында. Мұндай пікірді төрт бірдей салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы америкалық боксшы Рой Джонс (64-9, 46 КО) айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге қалай да қол жеткізуі тиіс. Себебі, қазір орта салмақта одан өзге мықты боксшы қалмады. Оған әзірге ең лайықты қарсылас – Канело ғана. Немесе келесі салмаққа ауысып, қарсыласты сол жақтан іздеуі керек. Қазір бокс әлемі құрдымға кетіп барады. Сондықтан, боксты құтқарудың жалғыз жолы – GGG-дің қолында, яғни, Головкин мен Альварес жекпе-жегін ұйымдастыру. Қазақстандық боксшы мұны өз қолына алмаса, боксты кебіндеп, жер қойнына тапсыра беруге болады», - дейді Рой Джонс.Айта кетейік, өткен аптада Рой Джонс пен Геннадий Головкин Мехикода кездескен болатын. Ол осы кездесуде отандасымызды аты аңызға айналған боксшылар тізіміне қосты.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




