Талдықорған қаласында Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күрестен ерлер және әйелдер арасында ашық турнир өтті. Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан 250 балуан қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Олардың қатарында апайтөс, атан жілік жамбылдық жігіттер де болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған додада жас балуандар да, тәжірибесі толысқан шеберлер де әдемі күрес көрсетуге барын салды. Турнир қорытындысында жерлесіміз аса ауыр салмақтағы (125 келі) Бақтияр Сұлтанбеков қарсыластарының бәрін жеңіп топ жарса, 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Қуандық Ергешевке қола жүлде бұйырды. Ол жарыс жеңімпазы ақтөбелік Аманесен Бахытханұлына жартылай финалда жол берді. Сондай-ақ қола жүлде 61 келіде сынға түскен Аян Темірбекке де бұйырды.
Жарқын Нұрланұлы, журналист.
Талдықорған қаласы.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




