Желден жүйрік жампоздар жарысы
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңындағы шараларға белсене қатысып жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жеңіл атлетикадан достық марафонын ұйымдастырды. Тараз қаласындағы Төле би ескерткіші жанына аталған университеттің 600-ден астам қызметкерлері мен студенттері жиналды. Белгі берілген сәтте олар Төле би көшесінің бойымен еліміздің Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүгіріп өтті.
Марафонды ТарМУ-дың студенті, бокстан студенттер арасында әлем чемпионы Нұрсұлтан Аманжолов пен оның жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков бастап жүрді. Марафонға қатысушыларды еліміздің Тұңғыш Президенті саябағынан университет ректоры Махметғали Сарыбеков бастаған зиялы топ қарсы алды. Университет басшысы марафонға қатысушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол студенттер арасында бокстан әлем чемпионы атанған Нұрсұлтан Аманжоловке және оның жеке бапкері Нұрлан Ақүрпековке құрмет көрсетіп, қаржылай сый-сияпат жасады. Нұрлан Ақүрпеков те алғысын білдіріп, ел Тәуелсіздігіне осы жеңістерінің тамаша тарту болғанын жеткізді.
Жиын соңы университеттің шығармашылықты дамыту орталығы өнерпаздарының концертімен жалғасты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді