Спорт және туризм
WBC президенті Головкинге лайықты қарсыласты атады
- author «Ақ жол»
- 18 қазан, 2016
- 418
WBC президенті Головкинге лайықты қарсыласты атады
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман аргентиналық Хорзе Себастьян Хейландтың (28-4-2, 15 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек өткізуге лайық екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Хейлан WBC рейтингінде орта салмақта бірінші орында тұр, ал Головкин бұл ұйымның чемпионы. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдарының иесі.
"Хейландқа WBC кең қолдау білдіреді, ол жақсы жігіт. Жақында әйелі босанды, ол осы мүмкіндікке лайық. Бірақ бұл жағдайда аса сақ болуымыз керек. Бәріміз білетіндей, Геннадий Головкин біздің чемпион болу үшін екі жыл бойы үміткер болған", - деп мәлімдеді Маурисио Сулейман.
Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы Головкинды Джейкобспен жұдырықтасу үшін келісімшарт жасасуға 30 күн берген.
Сонымен қатар, WBA гонорарды бөлуде де Головкин жағына шыққан, ал бұл әрекет промоутер Том Леффлердің ойынша, Джейкобспен келісімшарт жасасуға қиындықтар туғызады. Әзірше алдын ала промоутерлік сауда 22 қазанға белгіленген.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




