«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мейвезер Головкинге Альварестің орнына Баду Джекпен жұдырықтасуды ұсынды

Мейвезер Головкинге Альварестің орнына Баду Джекпен жұдырықтасуды ұсынды
ашық дереккөз
Мейвезер Головкинге Альварестің орнына Баду Джекпен жұдырықтасуды ұсынды
Бес салмақ дәрежесіне әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) алда болуы мүмкін деген жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айтуынша, егер ол Альварестің промоутері болса, Головкинмен дәл қазір жұдырықтасуға рұқсат бермейді. Осыған дейін боксшылардың арасында 2017 жылдың күзіне жекпе-жек өткізуге ауызша келісімнің бар екендігі хабарланған еді. Мейвезер мексикалықтың промоутері Де Ла Хойяның бұл жекпе-жекті келесі жылға шегеруін дұрыс шешім деп атады. "Егер Альварес менің боксшым болса, дәл қазір Головкинмен жұдырықтасуға рұқсат бермес едім. Мен промоутермін, сондықтан істің бизнеске қатысты тұсын біліп отырмын. Жекпе-жек ұйымдастыру керек. Бірақ Головкин екінші орта салмаққа өтіп, Баду Джекпен жұдырықтасуына қарсы емеспіз. Бұл жай ғана жекпе-жек емес, тамаша жекпе-жек болар еді. Джек - еңбекқор боксшы. Жанкүйерлердің осы жекпе-жекті таңдағанын қалар едім. Дауыс беріңіздер, содан кейін мен Де Ла Хойямен осы жекпе-жекті өткізу мүмкінігін талқылап көрейін", - деп келтіреді Мейвезердің сөзін BoxingScene.com. Ал осыған дейін америкалық Головкин - Альварес жекпе-жегінен қызықтайтын ештеңе көріп отырмағанын және мексикалық қазақстандықты еш қиналмай-ақ нокаутқа түсіреді деп пікір айтқан болатын. Ал WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Баду Джек (20-1-2, 12) бұған дейін де Головкинмен кездескісі келетінін айтқан еді.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Ұқсас жаңалықтар