Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы мекемелері және су шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорттың кіші футбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг (абсолюттік салмақ), шахмат, жеңіл атлетика түрлері бойынша өткен додаға 19 команда қатысты. Қорықшылар мен сушылар арасында да допты түзу тебе алатын жігіттер жетерлік екен. Орман шаруашылығы саласында да жүзу, шахмат, жеңіл атлетика спорт түрлерін жақсы меңгерген намысты азаматтардың аз емес екеніне көзіміз жетті. Орманшылардың бұл бәсекесін көпшілік қызыға тамашалады. Тартысқа толы спартакиадада жалпы командалық есепте облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынды Жуалы аудандық орман шаруашылығы мекемесінің құрамасы, жүлделі үшінші орынды Жамбыл аудандық орман шаруашылығы мекемесінің құрамасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




