Жасыл алаңда – жастар
«Тараз-Арена» спорт сарайында 1998-2000 жылы туылған жастар арасында кіші футболдан «Жастар терроризм мен экстремизмге қарсы!» атты облыстық турнир өтті. Бәсекенің ашылу салтанатында сөйлеген облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков жас футболшыларға сәттілік тіледі. Аталған спорттық шараға Тараз қаласы және аудандардағы спорт мекемелерінен 112 ойыншы қатысты.
Турнир барысында бірқатар жас футболшылар көзге түсті. Аса тартысты өткен жарыстың шешуші ойыны Жуалы мен Байзақ аудандарының командалары арасында өтті. Нәтижесінде жуалылықтар жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанып, арнайы кубокті иеленді. Байзақ ауданының ойыншылары екінші, Тараз қаласының жас футболшылары үшінші орыннан көрінді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




