Нидерландта «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотокөрмесі ашылды

Нидерландта «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотокөрмесі ашылды
ашық дереккөз
Нидерландта «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотокөрмесі ашылды

Гааганың Нидерландтағы мэриясында «Қазақстан – Ұлы Дала елі» атты фотокөрме ашылды. Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған шараның ұйымдастырылуына Нидерландтағы Қазақстан Елшілігі мен қала билігі мұрындық болған. Көрме Ұлы Даланың алуан түрлі табиғатын сипаттап, Қазақстанның қазіргі өмірі мен мәдениетінен сыр шертеді. Бәйтерек монументі, Бейбітшілік пен Келісім сарайы, Астана Опера, Әзірет Сұлтан мешіті көрмені тамашалаған қауымның ерекше ықыласына бөленді. Экспозицияның елеулі суреттері Қазақстанның Тәуелсіздігі мен тәуелсіз елдің жетістіктеріне айналған - бейбітшілік пен ұлтаралық татулыққа арналған. Фотокөрме бір апта бойына жалғасады. Мағжан Ильясов, ҚР Нидерландтағы Төтенше және өкілетті елшісі: - Гааганың мэрия ғимаратының ерекшелігі оның әкімшілік орталық болуында. Мұнда күнделікті мыңдаған адам өз шаруасымен келіп, құжаттарын ресімдеп жүреді. Бұл жер – түрлі ұлттың, түрлі әлеуметтік тап өкілдері мен туристер келетін ашық кеңістік. Сондықтан бұл жер келіп-кеткен адамдар үшін өте қолайлы мұражай десек те болады. Ұсынылған экспозиция Гаага тұрғындарына еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде қандай жетістіктерге жеткенін көрсетеді. Уильям Хокхорд, Қазақстандағы Нидерланд елшілігінің бұрынғы консулы: - Мен Қазақстанды Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Қазақстанның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері таңқаларлық. Көрмеге фотосуреттері қойылған Қазақстан спортшылары түрлі спорт түрі бойынша бәсекеге түсіп, биік шыңдарды бағындыруда. Қазақстанның дүниежүзілік картадағы орны әлемге әйгілі болды. Қазақстанда тұрғанымда жергілікті халықтың тілін білмегендіктен, белгілі қиындықтар болды. Бірақ кейін уақыт өте, 10 жылдың ішінде көп адамның өз тілімен қатар ағылшын тілін де білетінін байқадым. Өз басым Қазақстанға қайта оралғым келіп тұрады. Ақпарат көзі:  www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар