Спорт және туризм
Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі 10 желтоқсан күні өтуі мүмкін
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2016
- 641
Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі 10 желтоқсан күні өтуі мүмкін
Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегі 10 желтоқсан күні өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.
BoxingScene.com мәліметі бойынша, WBA (Super), WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен осы салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобстың кездесуі әбден мүмкін. Бұл болжамды Сауль «Канело» Альварестің Лиам Смитке қарсы кездесуі кезінде алған жарақаты шындыққа жақындата түсті.
Жарақат салдарынан Канело 10 желтоқсан күні рингке шыға алмайды. Сол себепті HBO каналы осы жекпе-жекке жоспарлаған бюджетін Головкин мен Джейкобсқа жұмсауы мүмкін.
Одан бөлек 10 желтоқсан күні Madison Square Garden және Barclays Center ареналары бос. Сол себепті кездесу Нью-Йоркте өтіп қалуы ғажап емес.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




