Астананың «Барысы» құрлықтық хоккей лигасының 7-турында Череповецтің «Северсталін» қабылдап, жанкүйерлерін қуантты. Алғашқы кезеңнің 13-минутында «Барыс» шабуылшысы Евгений Рымарев есеп ашып, жерлес команданы алға шығарды. Екінші кезеңде астаналықтардың ойыншысы Роман Старченко алаңнан қуылып, артынша Кевин Даллмэн 10 минуттық айыпқа тартылды. Бұл сәтсіздіктерге мойынсұнбай «Барыс» намысқа тырысып, жанкештілік танытты. Ойынның 38-минутында Брэндон Боченский есепті еселесе, кездесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда ресейлік ойыншы Уилсон Клей мергендігімен көзге түсті. Сөйтіп, «Северсталь» ойыншылары жалғыз шайбамен ғана жауап қата алды. Нәтижесінде жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұдан соң «Барыс» ойыншылары Мәскеудің «ЦСКА» командасын қабылдап, 4:0 есебімен айқын басымдық танытты. Бұл жолы астаналықтар сапындағы Вячеслав Трясунов, Евгений Рымарев, Найджел Доус және Роман Старченко бір-бір голдан соғып, мергендіктерін байқатты. Екі жеңісінен кейін «Барыстың» турнир кестесіндегі жағдайы жақсара түсті. Жанкүйерлер астаналық хоккейшілерден үлкен үміт күтіп отыр. «Барыстың» жанкүйер сенімін ақтауға мүмкіндіктері бар.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




