Жамбылдықтар паралимпиада бәсекесінде де ерледі
- author «Ақ жол»
- 22 қыркүйек, 2016
- 431
Бразилия жерінде, Рио төрінде 12 күн бойы мүмкіндігі шектеулі спортшылардың мүмкіндігін таразыға салған паралимпиялық ойындарының жабылу рәсімі өтті. Бұл байрақты бәсекеде талайдың жұлдызы жанды. Командалық есепте жеңіс тұғырына Қытай құрамасы көтерілді. Олардың қоржынында 107 алтын, 81 күміс, 51 қола медаль бар. Екінші орындағы Ұлыбритания құрамасы 64 алтын, 39 күміс, 44 қола медальды еншіледі. 41 алтын, 37 күміс, 39 қола медальмен Украина құрамасы үшінші орынға шықты. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында 8 алтын, 6 күміс, 17 қола медальмен Өзбекстан құрамасы 16-орыннан көрінді. Ала тақиялы ағайындардан Риоға аттанған 32 спортшысының 31-і жүлдеге ілігіпті. Сондай-ақ, бұл төрт жылда бір өтетін бәсекелестігі жоғары дүбірде Беларусь 19-шы, Литва – 44-ші, Латвия – 45-орыннан көрінді. Бір алтын, бір күміс медаль олжалаған Қазақстан құрамасы 58-орынмен паралимпиялық ойындарын аяқтады. Жерлесіміз Зүлфия Ғабидуллина 100 метр қашықтыққа жүзуден алдына қарсылас шығармай, алтыннан алқа тағынғаны, рекорд жаңартқаны еліміздің тарихындағы елеулі жеңіс болды. Пауэрлифтингтен сынға түскен қазақстандық спортшы Раушан Қойшыбаева 113 келіні еңсеріп, күміс жүлдені олжалады. Паралимпиадада қазақстандықтар намысты қолдан берген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мұндай ерлігі талайға үлгі болары анық.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




