Ғалымдар Мысырдағы Вади Сура ІІ үңгіріндегі алақан іздерінің құпиясын аштық деп мәлімдеді. Олар үңгір қабырғаларындағы кішкентай «қолдардың» іздері адамдікі емес деген тұжырымға келіп отыр. Ғалымдар көне суретшілер осындай суреттерді жануарлардың көмегімен салған дейді. Естеріңізде болса, Ливия шөліндегі Вади Сура ІІ үңгіріндегі тасқа салынған суреттер барын зерттеушілер 2002 жылы анықтаған болатын. Сол кезде суреттер 8 мыңнан астам жыл бұрын салынған деген болжам жасалған еді. Қабырғадағы суреттердің басым көпшілігі жануарлардікі болған соң, ғалымдар бұл орынды жануарлар үңгірі деп атаған еді. Алайда, жануарлардың суреттерінен басқа үңгірдің қабырғаларында өте кішкентай алақан іздері бар екені анықталған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді