Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен чемпионат барысында ойы жүйрік, қабілеті биік спортшылар сынға түсті. Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 36 спортшы қатысып, тартысты өтті. Қатысушылар әйелдер мен ерлер болып бөлініп, классика және блиц аталымдары бойынша сынға түсті. Олар барынша биіктен көрінуге талпынып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Десек те, ойын нәтижесінде шын мықтылар анықталып, сараланды. Сонымен тоғызқұмалақтан өткен облыстық чемпионатта классика номинациясы бойынша ерлер арасында тараздық М. Болысбек, әйелдер арасында Т.Рысқұлов ауданынан келген Ұ. Мұраталиева топ жарса, блиц номинациясында ерлер арасында шулық Н.Әлдібай, әйелдер арасында тараздық Ж.Жетен жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, қос номинация бойынша Ж.Мейрамқұлов, Е.Нұрханов, К.Лепесова, С.Керімбаева, Н.Сейітжапар, Қ.Жұман, Е.Байназаров, А.Жалғасова, Ж.Әсетаева, М.Мамыт екінші, үшінші жүлделі орындардан көрініп, марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




