Олар республикалық турнирде 9 салмақ бойынша топ жарды
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Бесағаш ауылында ҚР Қазақ күресі федерациясы, облыстық қазақ күресі қауымдастығы, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалымжан Сапарғалиевті еске алуға арналған 2002-2004 жылғы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Оған Қырғызстан республикасынан және Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен облысымыздың барлық ауданынан 250-ден астам спортшы қатысты. Олар 11 салмақ бойынша күш сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова спортшыларға сәттілік тіледі. Тартысты өрбіген жарыста балуандар барын салып күресті. Қазақ күресінен облыстың аға бапкері Руслан Мұхамедқалиев бастаған төрешілер шын мықтының еңбегін бағалады. Бозкілем үстінде белдескен жас спортшылардың ептілігі мен табандылығы сынға түсті. Нәтижесінде, жерлестеріміз Н.Өксікбай 23 келі салмақта, А.Әліби 32 келі салмақта чемпион атанса, 35 келі салмақта Б.Алдаберген, 46 келіде М.Сәбитұлы секілді қызылордалық балуандар жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Өзге салмақтарда да жерлестеріміз намысты қолдан берген жоқ. Атап айтқанда, Н.Серікбаев 38 келі салмақта, С.Аманжолов 42 келі салмақта, О.Ағаділов 50 келіде, О.Балтабай 55 келіде, С.Қалдыбаев 60 келіде, Ө.Орманқұл 66 келіде, Ә.Салбағаров +66 келіде салмақта жеңімпаз атанды.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




