Қазақстандықтар Бразилияға визасыз саяхаттай алады

Қазақстандықтар Бразилияға визасыз саяхаттай алады
ашық дереккөз
Қазақстандықтар Бразилияға визасыз саяхаттай алады

Қазақстандықтар үшін Бразилияға сапар жасау жеңілдей түсті. Бүгін екі ел арасында 30 күнге арналған визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Бұл екіжақты қарым-қатынасты дамытуға жасалған маңызды қадам деп есептейді Латын Америка мемлекетінің елшісі Деметрио Буэно Карвальо. Енді біздің азаматтарымыз Бразилияға емін-еркін бара алады. Сондай-ақ бразилиялықтар да Қазақстан арқылы Орта Азияға саяхаттау мүмкіндігіне ие. Айту кеткен жөн, бүгінде қос ел арасындағы жыл сайынғы сауда-саттықтың көлемі 400 млн АҚШ долларын құрайды. Деметрио Буэно Карвальо, Бразилияның ҚР Өкілетті және Төтенше елшісі: - Бұл өте маңызды келісім деп есептеймін. Бұған дейін бизнесмендер үшін де, қарапайым азаматтарға да екі жаққа сапар шегу қиын еді. Енді екі елдің халқы үшін құжаттар жинап, елшіліктің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бар болғаны билет сатып алып, тура Бразилияға немесе Қазақстанға аттануына болады.

Ақпарат көзі: www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар