Туризмді өркендетудің тетігі

Туризмді  өркендетудің тетігі
ашық дереккөз
Туризмді өркендетудің тетігі

Иран елінде халықаралық форум өтті

Таяуда Иран мемлекетінің Казвина қаласында Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың басшылары қатысқан халықаралық форум өтті. Оған Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров те қатысты. Форумды ұйымдастырушылар осы жиынды өткізу үшін арнайы бағдарламаны талдап, дайындады. Бағдарламаға: Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың басшыларының арасындағы жалпы экономикалық, әлеуметтік және мәдени кеңістікті қалыптастыру бойынша ынтымақтастық, туризмге қолайлы инфрақұрылым жасақтау, «мәдениет және экономика» тақырыбында көрме өткізу, осы саланы дамыту үшін туристік білім беретін институт құру сияқты мәселелер енгізілді. Казвина қаласының мэрі Массуд Носрати Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың арасында экономика, мәдениет және туризм салаларында тығыз қарым-қатынас орнату керектігіне тоқталды. Осы жолдың жүрегінде орналасқан ежелгі Казвина қаласының әлеуеті және ынтымақтастықтың пайдасы мен тиімділігі туралы әңгімеледі. Оның бойында орналасқан 67 мемлекеттегі 200 қаланың тығыз әріптестік қарым-қатынаста болуы мемлекеттік құрылыс, көлік, сауда, туризмді өркендетумен қатар озық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Білім, спорт және медицинаны да дамытуға кең жол ашады. Халықаралық форумда Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров те баяндама жасап, шаһарымыздың туристік әлеуеті туралы жан-жақты айтты.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар