Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған велошеруге 700-ден астам қала тұрғындары қатысты
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту және саламатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қол жетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік – тірегім!» атты велошеру ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 700-ден астам қала тұрғындарын қамтыған шараға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты. Тұрғындар алдында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Таразда велошеру өткізу дәстүрге айналғанын, бүгінгі дәстүрлі шара баға жетпес байлығымыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналуымен маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, облыс әкімі біздің өңірде спортқа зор көңіл бөлінетінін, кейінгі жылдары жамбылдықтардың республика чемпионаттарынан 511, халықаралық жарыстардан 129 медаль олжалағанын айтып, көпшілікті бұқаралық спортпен тұрақты айналысуға шақырды. Қазіргі таңда облысымызда 289,4 мың адам немесе облыс тұрғындарының 26 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануда. Мұнан соң облыс әкімі бастаған және облыс әкімдігінің басқармалары, құқық қорғау органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің аппараттары, акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар мен мекемелер, жоғары және арнайы орта оқу орындары мен қала тұрғындарынан құралған велошеруге қатысушылар Достық алаңынан серуендеп шықты. Велошерушілер Төле би көшесінің бойымен жүйткіп отырып, «Әулиеата» әуежайын бетке алды. Олар бұл күні он шақырым қашықтықты жүріп өтті. Спорттық шара қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді