Головкин Брукті бүк түсіре ме?
Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келли Брук арасындағы бокс кездесуін қыркүйектің 10-ы күні, сағат 23:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсететін болады. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.
Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен ареналарының бірі – 20 мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Келли Брукпен жұдырық түйістірмек.
34 жастағы Головкин үшін бұл 36-шы белдесу және боксерлік шаршы алаңына 17-ші рет чемпион есебінде шығуы. Одан бұрынғы 35 жекпе-жегінің барлығында ол жеңіске жеткен (оның ішінде 32-і нокаут). Ал оның қарсыласы 30 жастағы Брук те еш жеңілмеген, 36 жұдырықтасуды таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаут).
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




