Спорт және туризм
Хулио Сезар Чавес: «Канело Головкиннің қартаюын күтеді»
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2016
- 648
Хулио Сезар Чавес: «Канело Головкиннің қартаюын күтеді»
Атағы жер жарған боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жек өткізу туралы шешіміне пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.
«Ешкімнің Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді, ал ол өз кезегінде, әлдеқайда мықты қарсыластар табылатын екінші орта салмаққа өткісі келмейді. Сондықтан оған жартылай орта салмақтағы Келл Брукпен кездесу үшін қомақты қаражат ұсынды», - деп Boxingscene.com. үлкен Чавестің сөзін келтірді.
Сонымен бірге, мексикандық бокс ардагері Геннадий мен Сауль Альварестің арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы өз ойын білдірді, олардың жекпе-жегіне салмақ мәселесі кедергі келтірген еді.
«Кейде 1 фунттың қалай маңызды болатынын жақсы білеміз. Тіпті 50 грамның өзі атақтан айыруы мүмкін. Егер тән әлсіресе, күш-қуат қалмайды. Канело Головкиннің қартайғанын күтеді», - деді Хулио Сезар.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




