"Тәуелсіз елім бар"

"Тәуелсіз елім бар"
ашық дереккөз
"Тәуелсіз елім бар"

«Қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен облыстық «Ақ жол» газеті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім бар!» атты фотобәйге жариялайды. Фотобәйгеге тәуелсіздік тұсында жаңарған Жамбыл өңірінің жаңа тарихы жайлы сыр шертетін суреттер көрініс табуға тиіс. Ұлттық құндылықтар, жасампаз еңбек адамының бейнесі, Елбасының қатысуымен ашылған нысандар, патриоттық рух, ұлттар достығы мен келісім салтанат құрған сәттер (1991 – 2016 ж.ж.) бейнеленген жөн. Фотобәйгеге кәсіпқой және әуесқой фотосуретшілер қатыса алады. Әрбір қатысушы 5 фотосурет ұсынады. Олар ұсынған фотосуреттер газетіміздің түрлі түсті бояумен басылатын бетінде жарияланатын болады. Конкурсқа қатысушылардың фотосуреттері 2016 жылдың 1 тамызынан қабылданып, осы жылдың 10 желтоқсанында аяқталады.

Фотобәйге жеңімпаздары дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. І орын – 70 мың теңге; ІІ орын – 50 мың теңге; ІІІ орын – 30 мың теңге.

Ұқсас жаңалықтар