Грек-рим күресі федерациясы Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізді
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2016
- 774
Бүгін Қарағанды облыстық Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіп, бапкері Владислав Суторминге сыйлық табыстады. Сыйлықты Федерация президенті Асылбек Дүйсебаев өз қолымен тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Федерация президенті Рио төрінде нәтижелі өнер көрсеткен спортшыға Toyota Corolla көлігі мен 1 млн теңге, ал бапкеріне 3 млн теңге сыйақы табыс етті.
Қола жүлдегерді марапаттау рәсіміне спорт ардагерлері, еңбегі сіңген бапкерлер Нұрғазы Жарылғапов, Александр Мыцик және Иосиф Момцелидзе қатысты. Олар Сыздықованы тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды тіледі.
Айта кетейік, мұның алдында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Олимпиада жүлдегеріне Toyota Camry автокөлігін мінгізген болатын.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




