Спорт және туризм
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2016
- 822
Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті
Еліміздің мақтанышына айналған спортшы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті.
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев Сыр бойылық толағайға жерлестерінің үкілеген үміттерін ақтағаны үшін алғысын білдіріп, Зайчиковпен қазалылықтардың мақтанатынын жеткізді. Сондай-ақ, чемионға ақ боз ат мінгізді.
Александр өз сөзінде бұл жеңістің талмай еткен еңбектің жемісі мен жанкүйерлердің қолдауының нәтижесі екенін айтып, егемен елдің абыройын биікке көтеремін деген уәдесін берді.
Айта кетейік, ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысы бойынша 416 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салған болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




