Спорт және туризм
Головкин FightHub TV тілшісінің қолын сындыра жаздады
- author «Ақ жол»
- 31 тамыз, 2016
- 577
Головкин FightHub TV тілшісінің қолын сындыра жаздады
Ақпарат құралдарына арнап ашық жаттығу өткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) білек күшін сынамақ болған журналистің қолын сындыра жаздады, деп хабарлайды BNews.kz. FightHub TV телеарнасының тілшісі Маркос Виллегас жаттығу жасап жатқан Головкиннің білек күшін сынағысы келіп, айналшықтап шықпай қояды. «Білек күшімді білгің келсе, мә, қысып көр» деп алақанын ұстатқаны сол-ақ екен, журналистің ышқырынған дауысы шығады. Сондағысы, Виллегас боксшының соққысының не білегінің емес, бар болғаны алақанының күшін сезінген.
Журналист мұны аз көрген болуы керек, сол қолының да күшін сынамақ болады. Алғашқы жағдай бұл жолы да қайталанады, тіпті, сол қолдың күші алғашқысынан да басымырақ екенін байқайды. Мұны журналистің: «Сұмдық-ай, не деген күш! Құдды бір 200 фунт тартатын жігіт қолымды қысқандай сезіндім» - деген сөздерінен ұғуға болады.
Айта кетейік, отандасымыз 10 қыркүйек күні Астана уақытымен түнгі 23:00-де Лондондағы О2 аренада британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бокс кешін «Қазақстан» және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ақпарат көзі: Alashainasy.kzҰқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




