Спорт және туризм
Атлантада 7 жасар қыз қоқыс арасынан олимпиаданың алтын медалін тауып алды
- author «Ақ жол»
- 31 тамыз, 2016
- 677
Атлантада 7 жасар қыз қоқыс арасынан олимпиаданың алтын медалін тауып алды
7 жасар Атланта тұрғыны Хло Смит қоқыс арасынан олимпиаданың алтын медалін тауып алды. Ол Барселона-92 чемпионы америкалық Джо Джекобиге тиесілі, спортшы маусым айында оны ұрлатып алған екен, деп жазады шетелдік БАҚ.
Олимпиадашының пікірінше, белгісіз біреулер оның көлігін бұзып кіріп, ішіндегі біраз заттарды қолды еткен, оның ішінде олимпиада медалі де бар. Ұрылар іздерін жасыру үшін оны қоқысқа тастап жіберсе керек. Ал кішкентай Хлоя оны әкесімен қыдырып жүрген кезде қоқыс арасынан көріп қалады. Дүйсенбі күні Джо Джекоби кішкентай қыз оқитын мектепке барып, медальді қайтарып бергені үшін алғысын айтты.
Айта кетейік, спортшы бұл медальді 1992 жылы Барселона олимпиадасында жұптық каноэ есуден алған болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




