Спорт және туризм
Ольга Рыпаковаға көлік пен 50 мың доллар берілді
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2016
- 824
Ольга Рыпаковаға көлік пен 50 мың доллар берілді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жерлестерінің атынан Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар берді. Ал ауыратлет Денис Улановқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Өскеменде Конституция күніне орай өтіп жатқан салтанатты іс - шараның барысында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қатысушыларына құрмет көрсетілді.
Облыс басшысы Даниал Ахметов жерлестерінің атынан спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.
Ал төртінші орынды иеленген ауыратлет Денис Улановқа Өскеменнен екі бөлмелі пәтер берілді.
Айта кетейік, облыс әкімі Шығыс Қазақстан облысынан барған Олимпиада ойындарының басқа қатысушыларына Евгений Лабутовқа, Ирина Смольниковаға, Элина Михинаға және Екатерина Смирноваға бір жылдық шәкіртақыға сертификат берді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




