«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Геннадий Головкиннің қолғабы 8 млн теңгеге сатылып кетті

Геннадий Головкиннің қолғабы 8 млн теңгеге сатылып кетті
ашық дереккөз
Геннадий Головкиннің қолғабы 8 млн теңгеге сатылып кетті
«Асыл Мирас» қайырымдылық қорының, Қазақстан теннис федерациясы мен танымал қазақстандық және шетелдік компаниялардың топтамалары шығарылған қайырымдылық аукционы барысында белгілі спортшылардың былғары қолғаптары 10 млн теңгеге жуық қаржы әкелді. Серік Сәпиевтің қолғабы 1 млн 950 теңгеге, ал Геннадий Головкиннің қолғабы 8 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды BNews.kz. Сонымен қатар, бұған дейін хабарлағанымыздай, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің футболкасы 1 млн 450 мың теңгеге бағаланған болатын. Айта кетейік, биылғы қайырымдылық веложарысы Щуче-Бурабай курорт аймағында өтті. Дәстүр бойынша акцияға Олимпиада чемпионы, Аstana pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров басшылық етті. Жиналған қаржы Ақмола облысында бронх-өкпе ауруларымен ауыратын балаларға көмек ретінде беріледі. 2016 жылы жоба аясында 20 миллион теңге жинау жоспарланып отыр. Бұл қаржы балалардың өмірін құтқарып қалуға, өлім-жітімді азайтуға сеп болады. Сондай-ақ жиналған қаржының бір бөлігі Қызылорда облысы орталығынан шалғайда орналасқан Арал аудандық орталық ауруханасындағы шала туған балаларды көлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады.  

 Ақпарат көзі: Alashainasy.kz 

Ұқсас жаңалықтар