«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Д.Елеусiнов: Мен бокспен қош айтыспаймын

Д.Елеусiнов: Мен бокспен қош айтыспаймын
ашық дереккөз
Д.Елеусiнов: Мен бокспен қош айтыспаймын
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусiнов бокспен қош айтыспақ емес. Бiрақ бокстың қай түрiнде спорттық мансабын жалғастыратынын әлi шешпептi. Алдағы жоспарымен спортшы Орталық коммуникациялыр қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында бөлiстi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
"Мен кәсiпқой боксқа кетемiн деп қазiр жарияламаймын. Бiрақ "Олимпиадада жеңдiм" деп бокспен қош айтысып жатқан жоқпын. Әлi жаспын, күш-жiгерiм көп деп есептеймiн. Елдiң абыройын алдағы уақытта көтере беремiн деген сенiмдемiн. Қай бокста - кәсiпқой әлде әуесқой бокста болатынын алдағы уақытта бiле жатармыз. Бiрақ өзiмнiң осы карьерамды әрi қарай жалғастырамын деген ойдамын", - дейдi Данияр Елеусiнов.
Сондай-ақ, боксшы егер 2020 жылы Токиода өтетiн Олимпиада ойындарына бара қалса, 69 келi салмақта өнер көрсететiнiн айтып отыр.
"69 келiнi қазақтың салмағы деп айтып жатыр. Қатарынан төртiншi Олимпиадада чемпион болып жатырмыз. Бұл кездейсоқ дүние емес деп ойлаймын. Осы салмақ дәрежесiндегi спортшыларымыз үлкен жетiстiктерге жетiп жатыр. Спорттық жолымды әрi қарай жалғастырамын деп айттым. Қай бокс түрiнде болатынын әлi ойланамын. Бiрақ Токиоға бару мақсатын қойып жатсам, осы 69 келi салмақ дәрежесiнде өнер көрсетемiн", - дедi ол.
Еске сала кетейiк, бокстан ел құрамасының капитаны Данияр Елеусiнов Риода өткен Олимпиада ойындарында жеңiске жетiп, алтын медаль алды. Бүгiн Президент ел абыройын асқақтатқан спортшыны екiншi дәрежелi "Барыс" орденiменмарапаттады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар