Василий Левиттің сыйақысын демеушілер өтейді
Рио Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Василий Левитке 250 мың доллар сыйақы беріледі. Аталған сома Олимпиада алтынын алған спортшыға берілетін сыйақымен тең. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов бұл қаражат қандай көздерден алынатынын айтып берді.
«Меніңше, демеушілер есебінен алынады. Біздің Олимпиада құрамасының серіктесі болған «Самұрық-Қазына» қорына алғыс айтамын. Олар осы бастаманы қолдайды деп ойлаймын», - деді ол.
«Василий Левит Олимпиада рингінің финалдық кездесуінде тамаша нәтиже, жеңіске де айрықша ерік-жігер көрсетті. Ол Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алғаннан кейін оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы береді. Бұған қоса, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен аталған сомаға тағы да 100 мың доллар қосылады. Осылайша Левиттің сыйақысы «алтынмен» теңеседі», - делінген хабарламада.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




