Ұлттық Олимпиада құрамасының жаттықтырушылары мемлекеттік марапатқа ие болды
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2016
- 472
Шәкірттері олжалы оралған жаттықтырушыларға «Барыс», «Құрмет» және «Парасат» ордендері табысталды. Сондай-ақ салаға жауапты қызметкерлерді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев құттықтап, спорттық жетістіктер үшін алғыс білдірді. Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті: - Сіздер нәтижелі еңбек еттіңіздер. Сондай-ақ ғылыми-кешен топтарына алғыс айтамын. Спортқа қатысы бар мемлекеттік мекеме қызметкерлері де мәртебелі марапатқа лайық. Мүмкіндікті пайдаланып, жетістікке жетіп отырсыздар. Марат Елеусінов, Олимпиада чемпионы Д.Елеусіновтің жеке жаттықтырушысы: - Өте өзімді бақытты сезініп тұрмын. Қуанышты жағдай. Олимпиада чемпионын дайындадық. Мемлекеттік наградаға ие болып, марапатталып жатқаныма қуаныштымын. Алдағы жоспар жөнінде ойланып көрген жоқпыз. Демалып көрсін. Өзі біледі. Профессионалдық көп шақырту түсіп жатыр. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




