Спорт және туризм
Қазақстан Президенті Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2016
- 281
Қазақстан Президенті Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Елбасы қолынан осынау жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов алды. Сонымен қатар осы орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит те тақты. Президент оның медалін алтынмен пара-пар деген бағасын берді.
«Барыс» ордені - Қазақстан Республикасының ордені.
Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciне, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі. 1999 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «Барыс» ордені үш дәрежелі болып бекітілді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді