«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Риода алған Қазақстан спортшыларының 17 медалі Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болды - Елбасы

Риода алған Қазақстан спортшыларының 17 медалі Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болды - Елбасы
ашық дереккөз
Риода алған Қазақстан спортшыларының 17 медалі Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болды - Елбасы
Риодағы Олимпиадада халқымыздың ортақ қуанышына айналған 17 медаль қастерлі Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болды. Бұл туралы бүгін Астанада жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанатты шарасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Біздің саңлақ спортшыларымыз төрт жылда бір рет келетін дүбірлі додада ел сенімін абыроймен атқарды. Біздің Әнұранымыздың «Алтын күн аспаны» деп басталуының символдық мәні бар. Бразилия аспанында көкбайрағымыз үш мәрте барлық мемлекеттерден биік көтеріліп, біздің Әнұранымыз үш рет шырқалды. Тәуелсіздік тарихында алтыншы Олипиадасында Қазақстан 17 медальға ие болды. Бұл жаһандық жарыстағы жалпы біз бірнеше Олимпадаға қатысып жүрміз, соның ішіндегі ең олжалы көрсеткіш болып табылады. Осылайша, бұл біздің спортшыларымыздың, жалпы жастардың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі белесіне қосқан толасты табысы деп білеміз»,-деді Мемлекет басшысы «Қазақстан» орталық концерт залындағы салтанатты шарада. ҚР Президенті біздің спортымыз әлемдегі бәсекелестікке қабілетті екенін көрсетті, Риода жарқын жеңістер жастардың жүрегін жалындатып, жаңа биіктерге жетелегенін атап өтті. «Жасөспірімдеріміз спортқа ынтығатын болды, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімі күшейіп, миллиондаған жастардың спортқа құлшынысын арттырды деп білемін. Асқақ армандарға бірге ұмтылған тілегі ортақ, мақсаты бір халқымыздың ынтымағы мен бірлігі бұдан әрі нығая түсті», - деді Н. Назарбаев.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар